Азия чемпионаты: қазақ боксшыларының финалдық кездесуі қашан өтеді?

10 тамызда 19 жасқа дейінгі боксшылар алтын медаль үшін рингке шығады

ҚБФ
ҚБФ

Қазақстандық боксшылар 10 және 11 тамызда Бангкокта (Таиланд) World Boxing ұйымдастыруымен өтетін жастар арасындағы Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектерінде бақ сынайды.

10 тамызда 19 жасқа дейінгі боксшылар алтын медаль үшін рингке шығады. Жекпе-жектердің кестесі төменде көрсетілген (Қазақстан уақытымен сағат 09:00-де басталады):

  • Әйелдер, 57 кг: Аяжан Ермек (Қазақстан) — Мускан (Үндістан)

  • Әйелдер, 80 кг: Құралай Егінбайқызы (Қазақстан) — Критика Васан (Үндістан)

  • Ерлер, 60 кг: Әділет Тортыбек (Қазақстан) — Али Чехрегани (Иран)

  • Ерлер, 70 кг: Бейбарыс Әшірбай (Қазақстан) — Абдулазиз Джуракулов (Өзбекстан)

  • Ерлер, 80 кг: Тимур Тайбеков (Қазақстан) — Норбек Абдуллаев (Өзбекстан)

  • Ерлер, 85 кг: Нұрсұлтан Қыстаубай (Қазақстан) — Самир Собиров (Өзбекстан)

  • Ерлер, 90 кг: Расул Асанханов (Қазақстан) — Хемант Сангван (Үндістан)

11 тамызда 22 жасқа дейінгі боксшылар финалдық кездесулерде өнер көрсетеді. 

  • Әйелдер, 48 кг: Гүлназ Бүрібаева (Қазақстан) — Робияхон Бахтиёрова (Өзбекстан)

  • Әйелдер, 70 кг: Бақыт Сейдіш (Қазақстан) — Ойша Тоирова (Өзбекстан)

  • Әйелдер, 75 кг: Шұғыла Налибай (Қазақстан) — Зии Бао (Қытай)

  • Әйелдер, 80+ кг: Әсел Тоқтасын (Қазақстан) — Ритика (Үндістан)

  • Ерлер, 60 кг: Нұрислам Қалдыбаев (Қазақстан) — Шохрух Абдумаликов (Өзбекстан)

  • Ерлер, 65 кг: Илья Калинин (Қазақстан) — Саят Ильясов (Өзбекстан)

  • Ерлер, 70 кг: Нұрбек Мұрсал (Қазақстан) — Мухаммад Азизбек Исмоилов (Өзбекстан)

  • Ерлер, 80 кг: Санжарәлі Бегалиев (Қазақстан) — Рахматулло Бойматов (Өзбекстан)

  • Ерлер, 90 кг: Темірлан Мұқатаев (Қазақстан) — Шахзод Полвонов (Өзбекстан)

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам