Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Азия чемпионы жертөледе жаттығып жүр

Бүгін, 14:51

Расул Асанхановты «Тентек» спорт кешеніне жаттығуға кіргізбей қойған

Азия чемпионы жертөледе жаттығып жүр
ҚБФ

19 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында ерлер құрамасынан жалғыз алтын медаль иеленген қазақстандық боксшы Расул Асанханов жертөледе жаттығып жүр. Мұны оның жаттықтырушысы көрсетті.

Қарағанды облысының бапкері Александр Насибулиннің сөзіне қарағанда, оның шәкірттерін Шахтинск қаласындағы «Тентек» спорт кешеніне жаттығуға кіргізбей қойған, сондықтан боксшылар жертөледе дайындалған.

«Расул – команда капитаны. Командаластары финалда ұтылып жатқаны оған ауыр тиді. Бірақ капитан ретінде бар жауапкершілікті сезініп, аянып қалмады, тиісінше алтын медаль жеңіп алды. Осылайша, Қазақстан құрамасының абыройын сақтап қалды. Ол осыдан бірер ай бұрын Шри-Ланкада IBA нұсқасы бойынша Азия чемпионатында топ жарды. Соған қарамастан елге оралған соң спорт кешеніне кіргізген жоқ. Бұдан былай да жағдай өзгеретініне сенбеймін», – дейді Насибулин.

Естеріңізде болса, шілде айында оның тағы бір шәкірті, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Сабыржан Аққалықов та осындай жағдайға тап болған еді. Боксшы жаттығу уақыты небәрі бір сағат қана екенін және оның өзі ақылы берілетінін, сонан соң залдан шығарып жіберетінін айтқан еді.

Ал әкімдік мәселе шешілгенін алға тартқан. Дегенмен жаттықтырушының сөзінше, ешқандай өзгеріс жоқ – балалар әлі күнге дейін жертөледе дайындалады.

Айта кетсек, Таиландтың Бангкок қаласында өткен U-19 Азия чемпионатында Расул Асанханов алтын медаль еншілесе, оның командаластары Тимур Тайбеков пен Нұрсұлтан Қыстаубай финалда жеңіліп, күміс жүлде алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам