
«Құрметті спорт қайраткері» марапатын алу – үлкен мәртебе.
Жақында қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдаған еді. Осыдан кейін боксшыны Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қабылдады.
«Құрметті достар, Астанада менің туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновпен кездесуім өтті. Мен үшін оның қолынан мемлекеттік «Құрметті спорт қайраткері» марапатын алу – үлкен мәртебе.Біз болашақ жоспарларды, алдағы жекпе-жектерімді, сондай-ақ жастар арасында патриоттық рухты одан әрі арттыру, спортқа деген сүйіспеншілікті және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелерін талқыладық. Сондай-ақ біз бірлік пен ауызбіршіліктің маңыздылығы, бір жұдырықтай болып бірігу қажеттігі туралы да айттық. Министр ашық әрі түсіністік танытатын адам екен, бұл бастамаларды қолдауға дайын екенін жеткізді. Маған қолдау көрсеткен баршаңызға алғыс айтамын! Сіздер – менің күшім мен тірегім», - деп жазды спортшы.
Айта кетейік, бұған дейін боксшы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, жетістігін елемей, жасырып қалуға тырысатындар бар екенін айтқан еді.