Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Назым Қызайбай бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританияға кетті

Бүгін, 10:13

Ливерпульда бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталады

Назым Қызайбай бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританияға кетті
Видеодан кадр

Бірер аптадан кейін Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Осыған орай Елдос Сайдалин жаттықтыратын Қазақстан құрамасы жолға шықты.

Бастапқыда команда кеңейтілген құрамда Шеффилд қаласында халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысады. Ал, 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульдегі әлем чемпионатында бақ сынайды. Әлем чемпионатының ресми ашылуы мен алғашқы жекпе-жектері 4 қыркүйекке жоспарланған.

Қазақстан командасының сапында ел намысын қорғайтын мықты спортшылар қатарында үш дүркін әлем чемпионы, 48 келідегі Назым Қызайбай бар. Ол ұлттық құраманың капитаны ретінде әлемдік рингте тағы бір тарихи жетістікке ұмтылмақ.

Сонымен бірге жарысқа келесі боксшылар қатысады:

  • 51 келі — Алуа Балқыбекова

  • 54 келі — Элина Базарова

  • 57 келі — Карина Ибрагимова

  • 60 келі — Виктория Графеева

  • 65 келі — Аида Әбікеева

  • 70 келі — Наталья Богданова

  • 75 келі — Надежда Рябец

  • 80 келі — Гүлсая Ержан

  • Аса ауыр салмақ — Елдана Тәліпова

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам