
Карлос Адаместің мазағына Аарон Маккенна да үн қатты
Орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлына жасалған ұсынысты келе кетемін деп өзі күлкіге қалды.
Адамес Х әлеуметтік желідегі парақшасында ирландиялық боксшы Аарон Маккеннаның жазбасына қатысты реакция білдірді. Онда Маккенна қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеген еді. Чемпион бұл жазбаны «Комедияға толы жұма» деп сипаттап, кекесін білдірді.
Дегенмен желі қолданушылары Адаместің өзіне тап берді. Көпшілік оның бұған дейін Жәнібекпен айқастан қашып, Сауд Арабиясының инвесторы Турки әл аш-Шейх ұсынған сыйақыны да азсынып, айқастан бас тартқанын еске салды.
Карлос Адаместің мазағына Аарон Маккенна да үн қатты:
«Мен сені Роберт Гарсияның залында еш қиындықсыз ұтқанда бұлай күлмеп едің. Жеңіл жұмыс болған», - деп жазды ол.
Бұл сөздер Адаместің шамына тиіп кетсе керек, ол желіде бірден жауап берді:
«Мен сені екі рет нокдаунға түсірдім. Сені рингтен қанша рет қуып шыққанымды Роберт Гарсиядан сұрашы. Осы жайлы ашық айтуға батылың жете ме?».
Бұл онлайн-айтыс жанкүйерлер арасында қызу талқылауға себеп болды.