Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Әлімханұлы мен Адамес арасындағы жекпе-жек уақыты аталды

Бүгін, 15:16

Жәнібектің соңғы жекпе-жегі биыл сәуір айында Астанада өтті

Әлімханұлы мен Адамес арасындағы жекпе-жек уақыты аталды
әлеуметтік желі

Белгілі бокс инсайдері Бернардо Пилатти WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен WBC белбеуінің иегері Карлос Адамес арасындағы біріктіру жекпе-жегі 2025 жылдың соңына қарай өтеді деп болжайды.

Белгілі болғандай, тараптар 22 қарашада Сауд Арабиясында айқас өткізу туралы келіссөз жүргізген, алайда қаржылық мәселеде ортақ шешімге келе алмаған. Пилаттидің айтуынша, жекпе-жек АҚШ-та өтетін болса, боксшылар бұдан да төмен сыйақы алуы мүмкін.

«Бұл мәселеге қатысты күмәнім бар. Екеуі ұсынылған ақшаны қабылдамаса, жекпе-жекті ұйымдастыру қиынға соғады. Себебі қаржы аз, ал телеарналардың қолдауы жеткіліксіз. ESPN қазір бокс көрсетілімдерін сиретіп жіберді. DAZN-ның екі боксшымен де байланысы жоқ. Карлос Адамес – PBC боксшысы, ал Жәнібек Әлімханұлы – Top Rank-тің өкілі. Алайда Top Rank келесі жылға дейін трансляция серіктесінен айырылды. Олар алдағы уақытта қай арнамен жұмыс істейтіні әзірге белгісіз. Өз басым бұл жекпе-жек желтоқсанда PBC кардтарының бірінде өтеді деп сенемін. Екеуі де белгілі бір ымыраға келуі керек деп санаймын. Сауд Арабиясында ақша мол, ал АҚШ-та жағдай басқаша. Дегенмен олар келіссөз үстеліне қайта оралып, желтоқсандағы PBC турнирлерінің бірінде орта салмақтағы үш белбеуді біріктіретін жекпе-жек өткізеді деп ойлаймын», - деді Пилатти өзінің YouTube арнасында.

Айта кетейік, Жәнібектің соңғы жекпе-жегі биыл сәуір айында Астанада өтті. Ол кезде қазақстандық боксшы француз спортшысы Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам