Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Канелоның андеркардында шығады». Иван Дычко ерекше нокаут болатынына сөз берді

02.09.2025, 14:04

Бұл – менің карьерамдағы маңызды шайқас

«Канелоның андеркардында шығады». Иван Дычко ерекше нокаут болатынына сөз берді
Фото: Instagram @ivandychko

Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко америкалық Джермейн Франклинге қарсы өтетін жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. 

«Бұл – мен үшін жаңа деңгей. Бұл – әлемдік спорттағы ірі оқиға, мен үшін де үлкен мүмкіндік. Франклиннің тәжірибесі мол, дағдылары жақсы. Мен тартысты жекпе-жекке дайындалып жатырмын.Бұл – менің карьерамдағы маңызды шайқас. Қиын болуы мүмкін, бірақ мен психологиялық тұрғыда сабырлымын, қысым сезініп тұрған жоқпын. Жанкүйерлерге әдемі бокс пен керемет нокаут көрсеткім келеді», - деді Дычко The Ring-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Дычко – Франклин жекпе-жегі Астана уақытымен 14 қыркүйекте Сауль Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы басты айқастың андеркардында өтеді. Бұл шоуға UFC президенті Дана Уайт пен Сауд Арабиясының өкілдері бірігіп промоутерлік жасамақ. Он раундтқа жоспарланған кездесу 65 мың жанкүйерге арналған Allegiant Stadium аренасында өтеді.

35 жастағы қазақстандық боксшы үшін бұл – сегіз жылдық кәсіби мансабындағы алғашқы үлкен шоу. Ал қарсыласы Джермейн Франклин бұған дейін Лондонда Энтони Джошуа және Диллиан Уайтпен 12 раундтық басты жекпе-жектерде жұдырықтасқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам