
Оның 12 жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған
10 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін бокс кешінде жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет рингке шығады.
Сауль «Канело» Альварестің командасында жаттығатын Нұрмағанбет кәсіби мансабындағы 15-ші жекпе-жегін өткізбек. Оның қарсыласы – америкалық мықты боксшы Стивен Самптер (11 жеңіс, 1 жеңіліс, 9 нокаут).
Самптер соңғы жекпе-жегін биыл 10 мамырда өткізіп, техникалық нокаутпен Джанер Гонсалесті жеңіп, суперорта салмақтағы WBC USA Silver белбеуін иеленген болатын.
Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет кәсіби бокста 14 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның 12 жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.