Қазақ боксшыларының қарсыластары белгілі: Бокстан әлем чемпионатының жеребесі тартылды

Нұрбек Оралбай  Тоқтарбек Таңатқанмен кездесуі мүмкін

ҰОК
ҰОК

4–14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өтетін бокстан халықаралық жарыстың жеребесі тартылды. Қазақстан құрамасы толық құрамда қатысады.

50 кг. 25 боксшы
 Санжар Тәшкенбай 1/8 финалда Хузайфа Ешиш (Иордания) – Луис Руни (Ирландия, 23 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

55 кг. 39 боксшы
 Махмұд Сабырхан 1/16 финалда Амир Мохаммади (Бельгия) – Ортиз (Мексика) арасындағы жекпе-жектің жеңгенімен жұдырықтасады.

60 кг. 43 боксшы
 Бейбарыс Жексен 1/16 финалда Лей (Тайпей) – Жунмилардо Огайре (Филиппин) жұбының қай мықтысымен айқасады.

65 кг. 40 боксшы
1/16 финал: Ертуған Зейнуллинов – Хуго Грау (Франция).
Естеріңізде болса, Астанадағы Әлем кубогының үшінші кезеңінің ширек финалында Ертуған дәл осы қарсыласынан басым түскен еді.

70 кг. 41 боксшы
 1/16 финал: Төрехан Сабырхан – Яче Юсуф Ислам (Алжир).
– 1/8 финалда ол Астанадағы Әлем кубогының финалисі Хитеш Хитешпен (Үндістан) жолығуы мүмкін.

75 кг. 24 боксшы
Сабыржан Аққалықов 1/8 финалда Павел Илюша (Украина, Азия чемпионатының жартылай финалисі) – Мохаммад Ноурани (Иран) жұбының жеңімпазымен айқасады.

80 кг. 36 боксшы
Нұрбек Оралбай 1/16 финалда Матвей Ражба (Украина) – Бен Носа Эхис (Германия) арасындағы кездесудің жеңгенімен жұдырықтасады.
Финалға дейінгі ықтимал қарсыластары: Тоқтарбек Таңатқан (Қытай), Жавохир Умматалиев (Өзбекстан), әлем чемпионы Робби Гонзалес (АҚШ) және Куба спортшысы.

85 кг. 24 боксшы
Бекзат Нұрдәулетов 1/8 финалда Георгий Кушиташвили (Грузия, 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) – Лескур (Хорватия) жұбының жеңгенімен кездеседі.

90 кг. 25 боксшы
1/16 финал: Сағындық Тоғамбай – Айзек Око (Англия).

+90 кг. 30 боксшы
Айбек Оралбай 1/8 финалда Илияс (Түркия) – Исламов (Түркіменстан) арасындағы кездесудің жеңімпазымен айқасады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам