Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Аида Әбікеева әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Бүгін, 17:32

Қазақстандық боксшы Лука Хаморимен (Венгрия) жұдырықтасты

Аида Әбікеева әлем чемпионатын жеңіспен бастады
ҰОК

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Аида Әбікеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады.

Қазақстандық боксшы 65 келіге дейінгі салмақта Лука Хаморимен (Венгрия) жұдырықтасты. Венгриялық спортшы бірінші раундта басым түсті. Бірақ Аида Әбікеева қалған екі раундта жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетіп, жеңісті суырып алды.

Осылайша, Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты. Ал жарыстың алғашқы күнінде қыздар арасынан Элина Базарова (54 келіге дейін) 1/16 финалда өзбекстандық Нигина Уктамоваға 0:5 есебімен жол берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам