Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Қазақша сөйлейтін Виктория Графеева әлем чемпионатын жеңіспен бастады

07.09.2025, 00:02

Косово елінің өкілі Донета Садикумен кездесті

Қазақша сөйлейтін Виктория Графеева әлем чемпионатын жеңіспен бастады
ҰОК

Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымы аясындағы 2025 жылғы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін сәтті аяқтады. 

60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен бұрымды боксшымыз 1/16 финалда Косово елінің өкілі Донета Садикумен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Виктория 1/8 финалға жолдама алды, ал қарсыласы жарысты ерте аяқтады.

Сонымен қатар, кешкі сессияда Қазақстан намысын Бейбарыс Жексен (60 кг) мен Надежда Рябец (75 кг) қорғайды. Ал күндізгі сессияда Төрехан Сабырхан (70 кг) шаршы алаңға шығып, алжирлік Юсеф Ислам Яишті төрешілер шешімімен жеңіп шыққан болатын.

Айта кетейік, Виктория Графеева бұған дейін Астанада өткен Әлем кубогында алтын медаль иеленген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам