
Отандасымыз Мэрри Уолшпен (Ирландия) кездесті
Қазақстандық бұрымды боксшы Аида Әбікеева Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем біріншілігінде ақтық сынға жолдама алды.
Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында сәтті өнер көрсетті.
Аида Әбікеева бұл кезеңде Мэрри Уолшпен (Ирландия) кездесті.
Алғашқы раунд ирландиялық боксшының пайдасына аяқталды. Дегенмен жерлесіміз екінші және үшінші үшминуттықта тізгінді қолына алып, жеңіске жетті.
Осылайша, Аида Әбікеева (65 келіге дейін) әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды.