ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Айбек Оралбай екі дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп, финалға өтті

13.09.2025, 09:45

Отандасымыз әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін бақ сынайды

Айбек Оралбай екі дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп, финалға өтті
ҰОК

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына өтті.

Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы Хулио Сезар Ла Круспен (Куба) өзара мықтыны анықтады.

Айбек Оралбай алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды. Екінші және үшінші кезеңде басымдығын сақтап қалған жерлесіміз жеңіске жетті.

Осылайша, Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін бақ сынайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам