Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатының алтынына таласады

Отандасымыз кубалық Алехандро Кларо Физді жеңді

ҰОК
ҰОК

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Санжар Тәшкенбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына өтті.

Отандасымыз 50 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында кубалық Алехандро Кларо Физбен өзара мықтыны анықтады.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша Санжар Тәшкенбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) әлем чемпионатының алтын медалі үшін күреседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам