ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Қиянат жасалды»: Иван Дычко кәсіпқой бокс мансабында алғаш рет жеңіліп қалды

Бүгін, 10:31

Бұл жекпе-жек ең тартымсыз айқас деген атаққа ие болды

«Қиянат жасалды»: Иван Дычко кәсіпқой бокс мансабында алғаш рет жеңіліп қалды
x.com/Turki_alalshikh

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Иван Дычко (15-1, 14 КО) Лас-Вегаста өтіп жатқан бокс кешінде жеңіліп қалды. Бұл – оның мансабындағы алғашқы жеңіліс.

Отандасымыздың қарсыласы америкалық Джермейн Франклин (24-2, 15 КО) болды. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін өтіп, төрешілер жеңісті 96-93, 95-94, 97-92 есебін тіркеді.

Бұл кездесу Сауль Альварес – Теренс Кроуфорд жекпе-жегінің картында өткені белгілі және осы кештің ең тартымсыз айқасы деген мәртебеге де ие болды. Боксшылар жиі клинчке барып, уақыттың көп бөлігін соққысыз өткізді. Салдарынан аренадағы жанкүйерлер наразылық білдіріп, жиі гуілдеп жатты. Десе де, бокс сарапшылары Дычконың жеңілмегенін, оған төрешілер тарапынан қиянат жасалғанын айтуда.

Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте 15 рет жеңіске жетіп, оның 14-де нокаут тіркеген. Әуесқой бокста ол Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулану 2
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам