
Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы Ливерпуль қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатындағы (World Boxing) спорттық жоғары жетістіктері үшін бір топ спортшы мен бапкерді марапаттады.
«Құрмет» орденімен:
1. Аида Әбікееваның жеке жаттықтырушысы Ислам Әбдірайымов;
2. Екі дүркін әлем чемпионы Аида Әбікеева;
3. Екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбекова;
4. Әлем чемпионы Наталья Богданова;
5. Наталья Богданованың жеке жаттықтырушысы Дастан Қабденов;
6. Санжар Тәшкенбайдың жеке жаттықтырушысы Нұржан Насанов;
7. Әлем чемпионы Айбек Оралбай;
8. Ағайынды Сабырхандардың жеке жаттықтырушысы Ілияс Оралбеков;
9. Екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан;
10. Әлем чемпионы Төрехан Сабырхан;
11. Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Елдос Сайдалин;
12. Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов
13. Екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай марапатталды.