ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Жиырмаға жетпей «Құрмет» орденін аламын деп ойламаппын – Төрехан Сабырхан

Бүгін, 16:08

Бүгін сол күтпеген, бірақ кеуде кернеп, қуаныш сыйлаған күндердің бірі болды

Жиырмаға жетпей «Құрмет» орденін аламын деп ойламаппын – Төрехан Сабырхан
Акорда

19 жасында бокстан ересектер арасында әлем чемпионы атанған Төрехан Сабырхан әлеуметтік желідегі жазбасында өзінің спорттағы жетістігі мен марапатқа қатысты әсерімен бөлісті.

Жас боксшы жуырда Қазақстан президентінің қолынан «Құрмет» орденін алғанын қуанышпен жеткізді. Айтуынша, жиырмаға да толмай мұндай жоғарғы мемлекеттік марапатқа ие боламын деп ойламаған.

«Ағамның артынан еріп боксқа қатысып бастағанымда чемпион боламын деген мақсат болды ғой. Бірақ жиырмаға толмай «Құрмет» алуды ойламаған едім. Бүгін сол күтпеген, бірақ кеуде кернеп, қуаныш сыйлаған күндердің бірі болды», – деп жазды Сабырхан.

Чемпион марапаттың өзі үшін ғана емес, командаластары мен жастарға шабыт сыйлайтынын атап өтті. Сондай-ақ ол өзіне әрдайым қолдау білдірген отбасына, бауырларына және қазақ еліне ризашылығын білдірді.

«Бұл марапат бізге ары қарай жігер беретін, бізден кейінгі жас буынға шабыт сыйлайтын сәт болды деп ойлаймын. Осы жолда қолдаған отбасыма, жанкүйер – қазақ елі сіздерге, командалас бауырларыма алғысым шексіз!» – деді ол.

Төрехан Сабырхан – Қазақстанның үздік жас боксшыларының бірі. Ол жақында Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында 70 келіге дейін салмақта топ жарды. Финалда жапон боксшысын жеңді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×