ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Әлем чемпионатында Төрехан Сабырханның жұдырықтасуы ұнады – Александр Усик

21.09.2025, 18:57

Геннадий Головкинмен арнайы сөйлесіп, жас қазақстандық туралы сұрап білгенін жасырмады

Әлем чемпионатында Төрехан Сабырханның жұдырықтасуы ұнады – Александр Усик
globallookpress.com

Ливерпульде өткен World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионатында құрметті қонақ болған супертяж салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Александр Усик қазақстандық жас боксшы Төрехан Сабырханның өнеріне ерекше тоқталды.

Украиналық чемпионға әсіресе:

Төрехан Сабырханның ағылшын Одэл Камарамен өткен жартылай финалдық жекпе-жегі,

75 келідегі финалда өзбекстандық Фазлиддин Еркинбоев пен болгар Рами Киван арасындағы айқас ұнаған.

Усик тіпті Геннадий Головкинмен арнайы сөйлесіп, жас қазақстандық туралы сұрап білгенін жасырмады:

«Қазақ жігіті, 70 келіде жұдырықтасты. Геннадиймен сөйлестім. 18-де (шын мәнінде – 19 жаста). Британия өкіліне қарсы шықты. Өте жақсы айқас болды», – деді ол.

19 жастағы Торехан Сабырхан Қазақстан тарихындағы ең жас әлем чемпионы атанып, ел спортына жаңа белес сыйлады.

Айта кетейік, чемпионат барысында Төрехан өз салмағында қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, финалда сенімді жеңіске жетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×