ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов Бішкекте шаршы алаңға шығады

20.09.2025, 15:18

Сәкен бұл мәселе бойынша әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов Бішкекте шаршы алаңға шығады
Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық Олимпиада ойындарының жүлдегері Сәкен Бибосынов 25 қазанда Қырғызстан астанасы Бішкекте өтетін бокс кешінде кәсіпқой рингке екінші рет көтерілмек.

Бұл – оның кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегі. Айта кетейік, алғашқы кездесуінде ол филиппиндік Кристиан Леганмен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жеткен болатын. Осы жеңістен кейін спорт сарапшылары Бибосыновтың әуесқой бокстан толықтай кәсіпқой боксқа ауысуы мүмкін екенін болжап отыр. Дегенмен, Сәкен бұл мәселе бойынша әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Сол күні рингке Өзбекстан атынан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Хасанбой Дусматов та шығады. Ол кәсіпқой бокста 8 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен, соның ішінде 5 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Әзірге екі боксшының да қарсыластары белгісіз. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олардың есімдері алдағы апталарда белгілі болмақ.

Бокстан Орта Азиядағы басты спорт кештерінің біріне айналғалы отырған бұл турнирге жанкүйерлер ерекше қызығушылық танытып отыр. Сарапшылардың пікірінше, Бибосынов пен Дусматовтың бір кеште шаршы алаңға шығуы – аймақтағы бокс беделін арттырып, көпшілік назарын аудармақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1
×