ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Өзбектер көп»: Баходир Жалолов Ресейдегі жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

24.09.2025, 11:01

Санкт-Петербургте өзбек жанкүйерлері көп, олар да менің айқасымды асыға күтіп отыр.

«Өзбектер көп»: Баходир Жалолов Ресейдегі жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Olympic.uz

Жеңіліп көрмеген өзбек боксшысы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов алдағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

6 қазан күні Санкт-Петербургте өтетін «IBA.PRO 10» турнирінде Жалолов Ресей боксшысы Виталий Кудуховпен (7-3, 3 KO) шаршы алаңға шығады.

«IBA Pro 10 турнирінде қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Құдай қаласа, жанкүйерлерге әдемі жекпе-жек сыйлап, өзімнің мықты қырларымды көрсетемін.
Менің мақсатым – суперауыр салмақта әлем чемпионы болу. Өз тәжірибемнің арқасында мықтылармен жұдырықтасуға лайықпын деп сенемін. Санкт-Петербургте өзбек жанкүйерлері көп, олар да менің айқасымды асыға күтіп отыр. Бар күшімді салып, сіздерге тамаша өнер көрсетемін», – деді ол.

Айта кетейік, Жалолов соңғы рет рингке биыл сәуірде Астанада шығып, төрешілердің бірауызды шешімімен Игорь Шевадзукскийді жеңген. Бұл – боксшының Ресейдегі алғашқы кәсіби айқасы болмақ. Бұған дейін ол АҚШ, Өзбекстан, Қазақстан, Мексика және БАӘ-де жұдырықтасқан. Ал қарсыласы Виталий Кудухов соңғы рет тамыз айында Екатеринбургте Вартан Арутюнянға ұпай санымен жол берген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулану 0
×