
Кроуфордтың «Канелоны» жеңуі орта салмақтағы ахуалды бірден өзгертті
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан көптен күткен абсолютті әлем чемпиондығы үшін жекпе-жек жайлы мәліметпен бөлісті.
«Бәріміз ұзақ күткен, үлкен үміт артқан және басты мақсатымыз болған жекпе-жек 70–80 пайызға шешілген еді. Өткен аптада құжаттарға қол қоюымыз керек болатын. Алайда кеше немесе түнде – дәлірек айтсақ, кеше – өзгерістер орын болды. Қазір осы мәселелерді талқылап, ақылдасып жатырмыз. Кроуфордтың «Канелоны» жеңуі орта салмақтағы ахуалды бірден өзгертті. Соның салдарынан жоспарланған жекпе-жектердің кейбірі болмай қалуы мүмкін. Себебі чемпиондар енді белбеулерін сақтап қалуға және табыс әкелетін үлкен жекпе-жектер ұйымдастыруға тырысуда. Біз күткен «Канелоның» жеңілісі, өкінішке қарай, бізге пайдасын тигізбеді. Қазір кәсіби бокстың ішкі тетіктеріне тереңірек үңіліп отырмыз», – деді Берік Сұлтан Instagram парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы мен WBC чемпионы, доминикандық Карлос Адамес арасындағы бірлескен жекпе-жектің ресми түрде жарияланатыны хабарланған болатын.