
Жігіттер үнемі өз дайындығын пысықтап, бапкерлерімен жұмыс істеуі керек
Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев Төрехан Сабырханның қабілетін жоғары бағалады.
«Төрехан Сабырхан – өте дарынды жігіт. Көп нәрсе оның өзіне байланысты, оның барлығына қалай қадам жасайтынына. Бокс дамып келеді, бір орында тұрмайды. Жігіттер үнемі өз дайындығын пысықтап, бапкерлерімен жұмыс істеуі керек. Төреханда супержұлдыз болуға мүмкіндігі мен перспективасы бар деп ойлаймын», – деді Киличев Sports.kz-ке берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, 19 жастағы Төрехан Сабырхан Ливерпуль (Ұлыбритания) қаласында өткен әлем чемпионатында 70 келі салмақта ел намысын қорғап, чемпион атанған болатын.