ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Канелоның командасында жүрген қазақ боксшысы алғашқы бапкеріне автокөлік мінгізді (ВИДЕО)

28.09.2025, 11:02

Ол 15 жекпе-жек өткізіп, бірде-бірінде жеңілмеген

Канелоның командасында жүрген қазақ боксшысы алғашқы бапкеріне автокөлік мінгізді (ВИДЕО)
Ring Magazine

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Бек Нұрмағанбет өзінің бірінші бапкеріне автокөлік мінгізді.

Бекке бокстың әліппесін үйреткен Ахмет Керімжанов күні бүгінге дейін балаларды спортқа тәрбиелеп келеді. Жуырда ол үй салып, қоныс тойын тойлаған. Салтанатты кешке АҚШ-тан арнайы келген Бек Нұрмағанбет бапкерге тосын сый жасап, көңілін босатқан.

«Бұл - алғашқы машинаңыз. Жетістікке жетіп жатсақ салоннан барып жаңасын алып беремін», - деді боксшы өзінің бірінші бапкеріне Toyota Camry автокөлігінің кілтін табыстады.

Бек Нұрмағанбет мексикалық даңқты боксшы Сауль «Канело» Альварестің командасында жаттығып жүр. Ол кәсіпқой рингте 15 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен, 13-і нокаутпен.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам