ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Өзбекстандық боксшылар Тулкин Киличевке қымбат Mercedes мінгізді

29.09.2025, 11:11

Үш өзбек боксшысы бапкеріне осылай алғыс білдірді

Өзбекстандық боксшылар Тулкин Киличевке қымбат Mercedes мінгізді
Фото: instagram/tulkin_kilichev

Баходир Жалолов, Исраил Мадримов және Муроджон Ахмадалиев бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Тулкин Киличевке қымбат Mercedes автокөлігін сыйға тартты.

Әуесқой бокста үлкен жетістікке жеткеннен кейін кәсіби рингте өнер көрсетіп жүрген үздік үш өзбек боксшысы бапкеріне осылай алғыс білдірді.

Айта кетейік, Ливерпульде өткен World Boxing ұйымы аясындағы алғашқы әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте Қазақстан Өзбекстанды басып озды. Дегенмен ерлер құрамасы алтын медаль саны бойынша біздің боксшылардан озып, алты алтын иеленді. Қазақстанның еншісінде төрт алтын болды.

Көлік сыйлаған боксшылар кімдер:

  • Баходир Жалолов – кәсіби рингке оралуға дайындалып жатыр. Ол IBA 9.Pro турнирінде Санкт-Петербургте жұдырықтасады.
  • Исраил Мадримов – жарақатынан кейін қалпына келуде.
  • Муроджон Ахмадалиев – жуырда Наоя Иноуэмен абсолютті чемпион атағы үшін өткен жекпе-жекте жеңіліс тапты.

Жалолов пен оның әріптестері әуесқой бокста да үлкен тәжірибеге ие. Әсіресе Жалолов Олимпиаданың екі дүркін чемпионы болып саналады.

Тулкин Киличев 2022 жылдың тамыз айында Өзбекстан ұлттық бокс құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді. Оның жетекшілігімен құрама қысқа уақыт ішінде тарихи жетістіктерге қол жеткізді.

Атап айтқанда, 2023 жылғы әлем чемпионатында және 2024 жылғы Әлем кубогында өзбек боксшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып, әлемдік спорт қауымдастығының назарын аударды.

Сонымен қатар, 2024 жылы Париж Олимпиадасында шәкірттері үлкен табысқа жетіп, бес алтын медаль иеленді. Бұл нәтиже өзбек боксының тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік ретінде бағаланды.

Спорттағы табысты мансабы мен қосқан өлшеусіз үлесі үшін Тулкин Қиличев 2024 жылы Азия бокс конфедерациясы тарапынан құрлықтың үздік бапкері деп танылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам