
Жәнібек соңғы жекпе-жегін биыл сәуір айында Астанада өткізген
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17 жеңіс, 12 нокаут) алдағы маңызды жекпе-жек жайлы жариялады.
«Жақын күндері үлкен жаңалық болады. Үлкен жекпе-жек күтіп тұр», — деп жазды боксшы өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Айта кетейік, Жәнібек соңғы жекпе-жегін биыл сәуір айында Астанада өткізіп, француз былғары қолғап шебері Анауэль Нгамиссенгені (14 жеңіс, 1 жеңіліс, 9 нокаут) бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Қазіргі таңда орта салмақтағы әлем чемпиондық белбеулерінің төртеуі төрт түрлі боксшының иелігінде. Жәнібек WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпион болса, қалған екі титулды кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) – WBA және доминикандық Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) – WBC иеленіп отыр.