ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Жәнібек Әлімханұлы: Басты мақсатым – тарихта атымды қалдыру

Ол үш чемпиондық белдік үшін WBA чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен күш сынаспақ

әлеуметтік желі
әлеуметтік желі

Орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жек алдындағы басты мақсатын бөлісті.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол үш чемпиондық белдік үшін WBA чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен күш сынаспақ. Бірнеше беделді ақпарат көздері келісімшарттың ресми түрде қол қойылғанын хабарлағанымен, жекпе-жектің ресми афишасы әлі жарияланған жоқ.

Әлімханұлы бар назарын өз миссиясына аударып отыр:

«Менің басты мақсатым – тарихта өз атымды қалдыру», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында, өзінің әсерлі нокауттарынан құралған бейнероликпен бөлісіп.

Айта кетсек, Лараны жеңген жағдайда қазақстандық боксшының жолы абсолютті әлем чемпионы, екінші орта салмақта өнер көрсететін Теренс Кроуфордпен түйісуі мүмкін. Екі спортшы да кәсіби рингте әлі жеңілмеген. Бұған дейін екеуі де өзара жекпе-жек өткізу ықтималдығын жасырмай, жанкүйерлердің үлкен қызығушылығын тудырған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам