 
                Қазақстандық боксшы да бұл жарияланымға «Еш проблема жоқ» деді
 
                Америкалық Sports Illustrated басылымы әлеуметтік желілерде тараған «Теренс Кроуфорд Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жегін ишарамен көрсетті» деген әңгімелерді асыра бағаланған деп есептейді.
Бәрі WBO конвенциясы өткен Богота қаласынан шыққан Кроуфордтың сторизінен басталды. Видеодағы LED-голограммада алдымен абсолютті чемпион Теренс Кроуфордтың суреті пайда болып, артынша бірден орта салмақта WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлының фотосы көрсетілген. Осыдан кейін жанкүйерлер америкалық боксшы 2026 жылы қазақстандық чемпионмен айқасын байқамай немесе әдейі меңзеді деп топшылаған.
Қазақстандық боксшы да бұл жарияланымға «Еш проблема жоқ» деп жауап беріп, кездесу өтсе, шаршы алаңға шығуға дайын екенін білдірді.
Алайда Sports Illustrated мұның бәрі жай ғана сәйкестік болуы мүмкін екенін айтады. Басылымның жазуынша, голограммада тек WBO-ның салмақ дәрежелері бойынша қазіргі чемпиондары рет-ретімен көрсетілген болуы ықтимал. Сондықтан Кроуфорд бұл видеоны сторизден әлі өшірмеген.