ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Жәнібек Әлімханұлына жаңа қарсылас бекітілді

31.10.2025, 09:45

Жәнібек Әлімханұлы үш белбеу үшін айқастан соң америкалық қарсыласпен жолығады

Жәнібек Әлімханұлына жаңа қарсылас бекітілді
әлеуметтік желі

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мен кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) арасындағы тарихи жекпе-жек 6 желтоқсанда өтеді.

Алайда бұл кездесуден кейін Жәнібекті жаңа сынақ күтіп тұр – IBF ұйымы америкалық Остин «Аммо» Уильямсты (19-1, 13 КО) ресми міндетті қарсылас ретінде бекітпек.

IBF шешімі мен оқиғалардың өрбуі

Бастапқыда IBF Уильямс пен италиялық Этиноса Олиха (22-0, 10 КО) арасында іріктеу жекпе-жегін тағайындаған болатын. Бірақ Олиха көз жарақатына байланысты айқастан бас тартты. Оның орнына небәрі үш күн ішінде мексикалық Иван Васкес (11-1-2, 8 КО) шықты – ол Уильямстың бұрынғы спарринг-серіктесі еді.

Нәтижесінде Уильямс Васкесті тоғызыншы раундта нокаутқа түсіріп, IBF рейтингінде міндетті үміткер мәртебесін иеленді.
Ал оның промоутері, әйгілі Эдди Хирн шәкіртінің 2025 жылы қайта рингке шығуын жоспарлағанымен, «үш белбеу үшін болатын жекпе-жекке дайындалу – бұдан да құнды мүмкіндік» екенін деп мәлімдеді.

IBF ұйымының ережесі бойынша, 7 желтоқсаннан кейін, яғни Жәнібек пен Лара айқасынан соң жеңімпаз міндетті түрде Аммо Уильямспен кездесуге тиіс.

«Бұл шешім кейінге қалдырылмайды. Ешқандай себеп қабылданбайды», – деп мәлімдеді IBF.

Уильямс деген кім?

29 жастағы Остин «Аммо» Уильямс – Эдди Хирннің 2019 жылы DAZN-мен 8 жылға, яғни 1 млрд долларлық келісімшарт жасаған кезеңіндегі ең алғашқы американдық боксшыларының бірі.

Белгілі қарсыластары: канадалық Стив Роллс және британиялық Хамза Шираз. 2023 жылы Уильямс Роллсты 10 раундта жеңсе, Шираздан 11-раундта жеңіліп, карьерасында алғаш рет қарсыласына жол берді.

Қазіргі уақытта рейтингтері:
IBF – 3-орын,
WBA – 3-орын,
WBC – 7-орын,
WBO – 9-орын.

Алдыңғы міндетті қарсылас кім еді?

IBF-тің алдыңғы міндетті қарсыласы Жаңа Зеландиядан келген Андрей Михайлович болатын – оның тағдырын Жәнібек 2024 жылдың қазанында нокаутпен шешкен еді. 

Енді басты оқиға – Жәнібек пен Лара арасындағы үш белбеу үшін шайқас. Сол айқастың жеңімпазын Аммо Уильямс күтіп тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам