ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«IQ-ы жоғары». Балауса Мұздыман Әлімханұлы мен Лара жекпе-жегіне болжамын айтты

Бүгін, 17:47

Балауса Әлімханұлының өзгелерден артықшылығына да тоқталды

«IQ-ы жоғары». Балауса Мұздыман Әлімханұлы мен Лара жекпе-жегіне болжамын айтты
Коллаж 1bol.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) 6 желтоқсанда айқасына қатысты пікір білдірді. Әлімханұлы АҚШ-та WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен жұдырықтасады. 

Балаусаның сөзіне қарағанда, Жәнібек үшінші белбеуіне қол жеткізеді. Бұл туралы ол El Sport YouTube арнасына берген сұхбатында айтты. 

«Жәнібек бұл жекпе-жекті ұзақ күтті, себебі қарсыластары қашып жүрді. Дегенмен Жәнібек мақсат қойып, соған жете білетін адам. Сондықтан Жәнібектен тек жеңіс күтеміз. Тәуелсіздік күні қарсаңында елімізге жеңіс сыйлайды деп сенеміз. Жанкүйер боламыз, тілекшіміз. Лара қанша қашып жүріп бокстасса да, жерлесіміз үшінші белбеуін иеленеді деп ойлаймын, - деді Балауса.

Боксшы қыз «Қазақ стилінің» абсолютті әлем чемпионы атансам деген мақсатына қатысты да пікір білдірді. 

«Қазақстанда абсолютті әлем чемпионы атанған боксшы жоқ. Бәлкім Жәнібек сол атаққа қол жеткізетін алғашқы боксшы болғысы келетін шығар. Геннадий Головкиннің өзінде тек үш белбеу болды. Жәнібек тарих жаңартқысы келеді. Шыны керек, менің абсолютті әлем чемпионы атансам деген жоспарым бар», - деп қосты ол.

Балауса Әлімханұлының өзгелерден артықшылығына да тоқталды.

«Боксшылардың сөзіне қарағанда, Жәнібектің соққысы өте ауыр, мінезді. Жеңіске жетуге деген ұмтылысы жоғары. Баспен ойланып бокстасады, IQ-ы жоғары. Қарсыласының кемшіліктерін жақсылап зерттеп, тыңғылықты дайындалатын боксшы», - деп түйіндеді Мұздыман. 

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 2025 жылғы 5 сәуірде Астанада өткізіп, француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) 5-раундта нокаутпен жеңген болатын. Сол жекпе-жек кешінде Балауса Мұздыман да өнер көрсеткен.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам