ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Өкініш бар». Балауса Мұздыман өміріндегі қиын кезең туралы айтты

07.11.2025, 17:55

Боксшы күйзеліске түскенін де жасырмады

«Өкініш бар». Балауса Мұздыман өміріндегі қиын кезең туралы айтты
әлеуметтік желі

Балауса Мұздыман Париж олимпиадасына бара алмаған соң күйзеліске түскенін алға тартты. Боксшыға қиын сәтте жеке бапкері қолдау көрсеткен. Бұл туралы ол El Sport YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.  

«Париж олимпиадасына барамын деген жоспар болды. Ол кезде құрамадағы бірінші нөмірлі боксшы Жайна Шекербекова еді. Ол екі рет лицензиялық турнирге барып, екеуінде де жолдама ала алмады. Ал үшінші лицензиялық турнир Қытайда өтетін. Бапкерлер 54 келіде кімдер бар, кім қатысқысы келеді, барлығы тең мүмкіндік беріледі деп айтты. Сол жолы да Жайна Шекербековадан ұтылып, Олимпиадаға бару арманымнан бас тарттым», - дейді ол.

Боксшы төртжылдықтың бас додасына қатыса алмағанына өкінгенін де айтты.

«Өкініш бар. Ең қиын сәт сол кезде болды. Отбасыңа ішіңдегі күйді айта алмайсың. Шүкір, қасымда бапкерім болды, сол кісі демеу көрсетті, қолдады. Сол кездегі сынақтан бапкеріммен бірге өттім. Екі айдай ішімдегі өкінішті сол кісімен талқылап, спортқа оралдым», - деді Мұздыман.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам