ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Қазақ боксының ардагері өмірден өтті

11.11.2025, 16:11

Рафаэль Вахитов - ҚР еңбек сіңірген спорт қызметкері және еңбек сіңірген жаттықтырушысы

Қазақ боксының ардагері өмірден өтті
әлеуметтік желі

Қазақстан боксының қайраткері, ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген спорт қызметкері және еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рафаэль Гайсич Вахитов 98 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Қазақстан боксының ардагері Вахитов Рафаэль Гайсичтің 98 жасқа қараған шағында дүниеден озуына байланысты отбасына және отандық бокс қауымдастығына қайғыға ортақтасып, көңіл айтамыз, – делінген Қазақстан бокс федерациясының ақпаратында.

Вахитов Рафаэль Гайсич - ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген спорт қызметкері және еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Павлодар облысының тумасы өз мансабында көптеген чемпиондарды, спорт шеберлерін тәрбиелеген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам