ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Боксшы Дулат Бекбауов сүйіктісіне ұсыныс жасады

11.11.2025, 22:13

Дулат Бекбауов 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында күміс алған

Боксшы Дулат Бекбауов сүйіктісіне ұсыныс жасады
instagram.com/ayasheeva

Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауовтың отау құратыны туралы дерек мәлім болды.

Бұл туралы боксшының таңдауы түскен ару әлеуметтік желіде фотосурет жариялап, құдаласу рәсіміне келісім басталғанын жариялады.

Белгілі болғандай боксшының ата-анасы Астанада қалыңдықтың жақындарымен кездескен. Ал ұзату мен үйлену тойының қашан болатыны әзірге айтылмады.

Естеріңізде болса, Дулат Бекбауов 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының финалына дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болған еді. Спортшы Париж Олимпиадасына қатысуға үмітті болып, ел ішілік іріктеу турниріне қатысқан. Алайда ол шешуші сәтте Мұхамедсабыр Базарбайұлына есе жіберіп, Таиландта өткен олимпиадалық іріктеу турнирінен тыс қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам