Жәнібек Әлімханұлы Лараның WBA титулын иеленуді көздеп отыр
АҚШ-та Premier Boxing Champions франшизасының Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Жәнібек Әлімханұлы туралы жазба жарияланды. Онда қазақ боксшысының әлеуетіне жоғары баға беріліп, оның үш титулға иелік ету мүмкіндігі туралы айтылған.
Бұл ретте отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы өзіне тиесілі IBF және WBO белбеулерін бәске тігіп, Лараның WBA титулын иеленуді көздеп отыр.
«Қазақ стилімен» жұдырықтасу қалай болады? Оның бет-әлпеті бәрін өзі жағдайдың бәрін айтып тұр. Жәнібек 6 желтоқсанда орта салмақтағы WBA, WBO және IBF әлем чемпиондық титулдары үшін өтетін біріккен жекпе-жекте Ларамен кездеседі», - деп жазылған Premier Boxing Champions парақшасында.
Аталған жазбамен бірге Жәнібек Әлімханұлының нокаут жасаған сәтінің бейнежазбасы жарияланған.
Желтоқсан айының 6-ы күні Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өтеді. Аталған айқас Қазақстан уақытымен 7 желтоқсан күні таңғы уақытта болады.