2008 жылғы буын арасындағы үздік бестік анықталды
Танымал халықаралық платформа Score 90 қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевты әлемнің ең дарынды жас ойыншыларының тізіміне қосты. Басылым 2005–2008 жылдары туған футболшыларды жас санаты бойынша бөліп, жаңа рейтингін жариялады.
2008 жылғы буын арасындағы үздік бестік мынадай:
Леннарт Карль (Германия, «Бавария»)
Ибраим Мбайе (Сенегал, ПСЖ)
Нгумоа Рио (Англия, «Ливерпуль»)
Хонест Аханор (Италия–Нигерия, «Аталанта»)
Дастан Сәтпаев (Қазақстан, «Қайрат» / «Челси»)
Осылайша, «Кайраттың» 17 жастағы ойыншысы әлемдік футболдың алпауыт клубтары тәрбиелеп отырған жастармен бір деңгейде аталды. Бұл – Дастанның әлеуеті мен соңғы жылдардағы даму қарқынының айқын көрсеткіші.
Сәтпаев 2026 жылдың жазыға дейін «Қайрат» сапында өнер көрсетеді. Осы кезеңде ол бірнеше тарихи нәтижеге қол жеткізді: Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде гол соққан алғашқы қазақстандық болды және топтық кезеңде гол соққан ең жас ойыншылардың бірі ретінде тіркелді.
Ал 2026 жылдан бастап Дастан Лондонның «Челси» клубына қосылады.