Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Қайрат» Чемпиондар лигасынан 11,6 млрд теңге табыс тапты

31.01.2026, 18:20

Клубтың қаржылық табысы айтарлықтай өсті

«Қайрат» Чемпиондар лигасынан 11,6 млрд теңге табыс тапты
ФК "Қайрат"

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңін бір ұпаймен аяқтап, турнир кестесінде 36-орынға тұрақтады. Нәтиже көңіл көншітпегенімен, клубтың қаржылық табысы айтарлықтай өсті.

«Қайраттың» аталған турнирден тапқан жалпы табысы 11,65 млрд теңгеден асты. Клуб ең көп қаржыны Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қатысқаны үшін алды – шамамен 11,2 млрд теңге.

Бұған қоса, кипрлік «Пафос» клубымен тең ойнағаны үшін 422 млн теңге көлемінде сыйақы берілген. Ал жалпы кезеңдегі соңғы орын үшін «Қайратқа» тағы 165,8 млн теңге төленеді.

Сонымен қатар телехабар тарату және маркетингтік құқықтарды сатудан түсетін табысты қайта бөлу қорытындысы бойынша клубқа қосымша төлемдер қарастырылмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам