1/8 финал матчтары 2026 жылдың 10-11 және 17-18 наурыз күндері өтеді.
UEFA Чемпиондар лигасы аясында 27 ақпан күні 2025/26 жылғы маусымның 1/8 финал кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті. Плей-оффтың ерте сатысында-ақ турнир жеңімпаздары атанған алпауыт клубтар өзара кездесетін болды.
Жеребе ережесіне сәйкес, 1/8 финалға өтпелі (плей-офф) матчтар арқылы шыққан командалар бір-бірімен ойнай алмайды. Олардың әрқайсысына жалпы кезеңнің үздік сегіздігінен өткен қарсылас түсті.
Манчестер Сити» – «Реал»
«Будё-Глимт» – «Спортинг»
«Челси» – «ПСЖ»
«Ньюкасл» – «Барселона»
«Галатасарай» – «Ливерпуль»
«Атлетико» – «Тоттенхэм»
«Аталанта» – «Бавария»
«Байер» – «Арсенал».
Жеребе нәтижесінде командалардың финалға дейінгі ықтимал қарсыластары да белгілі болды. Турнирлік тордың бір бөлігінде «Арсенал» мен «Барселона» орналасса, екінші жартысында «ПСЖ», «Бавария», «Ливерпуль», «Реал Мадрид» және «Манчестер Сити» шоғырланған.
1/8 финал матчтары 2026 жылдың 10-11 және 17-18 наурыз күндері өтеді. Ал финал 30 мамырда Puskás Aréna стадионында (Будапешт) ұйымдастырылады.