ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Қайрат» – «Левски»: Полиция жанкүйерлерге үндеу жасады

11.08.2026, 18:06

Бүгін қос құрама «Түркістан Арена» стадионында кездеседі

«Қайрат» – «Левски»: Полиция жанкүйерлерге үндеу жасады
Түркістан әкімдігі

Бүгін Түркістандағы «Түркістан Арена» стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында «Қайрат» пен болгариялық «Левски» командалары кездеседі.

Осыған байланысты полиция қаладағы адам көп шоғырланатын орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейтеді.

Тәртіп сақшылары тұрғындар мен қала қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырды.

«Футбол матчын тамашалауға келген жанкүйерлерден өзара сыйластық танытып, арандатушылық әрекеттерге жол бермеуді, қоғамдық орындарда тәртіп сақтауды және белгіленген қауіпсіздік талаптарын қатаң орындауды сұраймыз», – деді полиция өкілдері.

Еске салайық, командалар арасындағы алғашқы матчта «Левски» 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Бүгінгі қарымта кездесу Астана уақытымен 20:00-де басталады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам