ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Чемпиондар лигасында «Қайрат» қанша қаржы тапты

11.08.2026, 23:06

Алматылық клуб Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде ойнайды

Чемпиондар лигасында «Қайрат» қанша қаржы тапты
ФК “Қайрат”

«Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде болгариялық «Левскиден» жеңіліп, турнирден шығып қалды.

Рафаэль Уразбахтин шәкірттері екі матчтың қорытындысы бойынша 0:2 есебімен жеңілді. Енді алматылық клуб Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде ойнайды.

«Қайраттың» келесі қарсыласы «Андерлехт» (Бельгия) – ПАОК (Грекия) жұбының жеңімпазы болады. Алғашқы кездесуде «Андерлехт» өз алаңында емес, сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Чемпиондар лигасының үш іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін «Қайрат» 525 мың еуро сыйақы алды. Бұл қазіргі бағам бойынша шамамен 282,46 млн теңгеге тең.

Ал Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне қатысқаны үшін бөлек сыйақы қарастырылмаған.

Егер «Қайрат» плей-офф кезеңінде жеңіліп қалса, клуб Конференция лигасының негізгі кезеңіне қатысқаны үшін 3,17 млн еуро алады. Бұл шамамен 1,7 млрд теңге.

Осылайша, «Қайраттың» осы маусымдағы еурокубоктардан алатын кепілді табысы 3,695 млн еуроны немесе шамамен 1,99 млрд теңгені құрайды.

Алматылық клуб Еуропа лигасының плей-офф кезеңінен өтіп, негізгі кезеңге шықса, тағы 4,31 млн еуро (шамамен 2,32 млрд теңге) табыс табады.

Еске салайық, бұған дейін «Қайрат» Черногорияның «Сутьескасын» екі матч қорытындысы бойынша 4:1 есебімен жеңген. Кейін алматылық команда Кипрдің «Омониясын» пенальти сериясында 6:5 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам