ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Чемпиондар лигасында «Қайраттың» тарихи ойынына кім төрелік етеді?

16.09.2025, 15:05

Тарихи матч Лиссабонда 18-інен 19 қыркүйекке қараған түні өтеді

Чемпиондар лигасында «Қайраттың» тарихи ойынына кім төрелік етеді?
Getty Images

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы тарихи матчының төрешілері белгілі болды.

Лиссабондағы «Спортинг» пен алматылық «Қайрат» арасындағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ойынға төрешілер тағайындалды.

Кездесуді негізінен Польшадан келген арбитрлер қадағалайды. Бас төреші қызметін Дамиан Сильвестжак атқарады. Оған Павел Сокольницки мен Адам Карасевич көмек көрсетпек. Бейнетөреші (VAR) – Томаш Квятковски, ал оның көмекшісі — Нидерландтан келген Пол ван Букел. Төртінші төреші ретінде Марцин Коханек белгіленді.

Тарихи матч Лиссабонда 18-інен 19 қыркүйекке қараған түні өтеді. Ойын сағат 00:00-де басталады. Бұл кездесу «Қайрат» клубы үшін Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойын болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам