
Olimpbet «Реалдың» «Марсельге» және «Ювентустың» «Боруссияға» қарсы матчтарына талдау жасады
Чемпиондар лигасы. Жалпы кезең. Бірінші тур
«Реал Мадрид» (Испания) – «Марсель» (Франция). 17 қыркүйек, 00:00 (Астана уақыты)
Жаңа маусымдағы Чемпиондар лигасында қазақстандық жанкүйерлердің мадридтік «Реалға» деген қызығушылығы бұрынғыдан да артады. Себебі «корольдік клуб» – 2025/26 жылғы ЛЧ топтық кезеңінде «Қайраттың» қарсыластарының бірі.
Ең алғашқы турда «ақтарға» Алматыға сапар алдында өз алаңында «Олимпик Марсельге» қарсы ойнау керек. Olimpbet сарапшылары бұл кездесудің айқын фавориті – алаң иелері деп санайды. Олардың пікірінше, «Реалдың» ірі жеңіске жету мүмкіндігі қонақтардың тең ойнау ықтималдығынан әлдеқайда жоғары.
«Галактикостардың» жеңісіне деген сенімнің жоғары болуы таңқаларлық емес. «Ақтардың» «Олимпикпен» салыстырғанда титулдар саны да, өзара кездесулер статистикасы да әлдеқайда басым. Тарихтағы төрт ойында да «Реал» жеңіске жетіп, жалпы есепте 12:4 нәтижесін көрсетті.
Жаңа маусымға да мадридтіктер сенімді бастады. Хаби Алонсо жаттықтыратын команда Ла Лиганың турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр – төрт турда төрт жеңіс. Ал Роберто Де Дзербидің командасы Франция чемпионатында дәл сондай төрт матчтың жартысында ғана ұпай жинап, көшбасшылардан айтарлықтай қалып қойды.
Жалпы алғанда, «Реалдың» «Марсельге» қарағанда басымдығын тізіп айтудың қажеті жоқ. «Корольдік клуб» кез келген қарсыласпен ойында фаворит саналады. Бекер емес, олар Чемпиондар лигасын рекордтық 15 рет жеңіп алған!
Olimpbet сарапшылары «галактикостардың» өз алаңында гол соғатынына және матчта «жоғары тоталдың» болатынына еш күмән келтірмейді. Ең ықтимал гол авторы ретінде олар «Реалдың» француз шабуылшысы Килиан Мбаппені атайды.
«Ювентус» (Италия) – «Боруссия» (Дортмунд, Германия). 17 қыркүйек, 00:00
Чемпиондар лигасының алғашқы турындағы ең қызықты ойындардың бірі Туринде өтеді. Мұнда «Ювентус» дортмундтық «Боруссияны» қабылдайды.
Бұл матчта сарапшылар жеңіске алаң иелерін лайық көреді, дегенмен оларды айқын фаворит деп есептемейді.
Қазіргі таңда туриндіктер ішкі аренада сенімдірек көрінуде: Серия А-да үш турда тоғыз ұпай еншіледі. Әсіресе, «Интерге» қарсы өткен Италия дербиіндегі (4:3) соңғы минуттағы жеңіс ойыншыларға қосымша мотивация берері сөзсіз.
Ал «Боруссия» болса Бундеслигада қателікке жол беріп, мүлтіксіз ойнаған «Бавариядан» қалып қойды.
Тарихи тұрғыда «Ювентус» та басымырақ: ресми тоғыз ойында алты рет жеңіп, бір рет тең түскен, ал «Боруссия» екі рет қана жеңіске жеткен.
Дегенмен соңғы жылдары халықаралық аренада керісінше «Боруссия» табыстырақ болды. Өткен маусымда дортмундтықтар ширек финалда «Барселонаға» лайықты қарсылық көрсетті, ал «Ювентус» тіпті 1/8 финалға да шыға алмады. Оның алдындағы маусымда немістер финалға дейін жетсе, туриндіктер мүлдем қатыспады.
Айта кету керек, «Боруссияның» «Ювентусқа» қарсы екі жеңісінің бірі 1996/97 жылғы ЛЧ финалында тіркелген.
Соған қарамастан Olimpbet сарапшылары Игор Тудор жаттықтыратын команданың табысты нәтиже көрсету мүмкіндігі көбірек екенін айтады. Олардың ойынша, туриндіктер кем дегенде екі гол соғуға қауқарлы.