ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Қайратқа» қарсы ойын «Реал» үшін ең қиын матчтардың бірі болуы мүмкін

22.09.2025, 16:25

Мадрид пен Алматының арасы 6400 шақырымнан асады

«Қайратқа» қарсы ойын «Реал» үшін ең қиын матчтардың бірі болуы мүмкін
Getty Images

Грекиялық Koutipandoras.gr сайтының жазуынша, «Реалдың» «Қайратқа» қарсы кездесуі Чемпиондар лигасында испандық клуб үшін ең ауыр сынақтардың бірі болмақ.

Кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда, турнирдің екінші туры аясында өтеді.

«Қазақстандық клубқа қарсы матч «Реал Мадрид» үшін оңайға соқпайды. Өйткені мадридтіктер қарсыластың деңгейі емес,  керісінше ұзақ жолдан кейінгі қалжырау мен «Атлетикомен» болған тартысты ойындағы күш-қуаттың сарқылуы қиындық тудырады. Мадрид пен Алматының арасы 6400 шақырымнан асады. Бұл фактор ойынға елеулі әсер етуі мүмкін», – деп жазады басылым.

Еске салсақ, алғашқы турда «Қайрат» сырт алаңда «Спортингке» (1:4) жол берген еді. Ал «Реал» өз алаңында француздық «Марсельді» (2:1) жеңген болатын.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×