ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Бүгін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчына билеттер сатылымға шығады. Қалай алуға болады?

23.09.2025, 09:49
Бүгін  «Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчына билеттер сатылымға шығады. Қалай алуға болады?
offside.kz

Алматыда өтетін тарихи ойынға билеттерді бүгін, 23 қыркүйек күні сағат 17:00-ден бастап сатып алуға болады. УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Қайрат» – «Реал Мадрид» кездесуі 30 қыркүйекте Орталық стадионда өтеді.

Матч жайлы ақпарат

  • Күні: 30 қыркүйек

  • Уақыты: 21:45 (Алматы уақытымен)

  • Өтетін орны: Алматы, Орталық стадион

Билет бағасы

УЕФА бекіткен тарифке сәйкес билеттердің құны – 30 000-нан 250 000 теңгеге дейін:

  • Батыс трибуна (1–9 сектор, 1–2 қатар): 30 000 ₸

  • Солтүстік/Оңтүстік трибуна (қақпа артындағы секторлар): 75 000 ₸

  • Шығыс трибуна (30–48 сектор): 150 000 ₸

  • Батыс трибуна (премиум аймақ, 1–17 сектор): 250 000 ₸

Әр жанкүйер ең көп дегенде 2 билетке дейін ала алады. Билетті рәсімдеу кезінде жеке куәлік немесе төлқұжат деректері енгізіледі. Бұл ақпарат стадионға кірерде де тексеріледі.

Билеттерді қайдан алуға болады?

  • Qairat SuperApp (қосымша)

  • FCKairat.com ресми сайты («Билеттер» бөлімі)

  • Ticketon.kz

  • Freedom SuperApp («Билеттер» бөлімі)

Қосымша ескертулер

  • Абонемент иелері өз орындарын жеңілдікпен алдын ала сатып ала алады.

  • Сатып алғаннан кейін ваучер беріледі, ал электронды билеттер матч басталуына 6 сағат қалғанда жіберіледі.

«Күту бөлмесі» жүйесі

Билеттерге сұраныс жоғары болғандықтан Ticketon арнайы кезек жүйесін енгізді:

  1. Сайтқа кіргенде алдымен «күту бөлмесіне» түсесіз.

  2. «Қайрат – Реал» батырмасын басқан соң нақты билеттерге кезекке тұрасыз.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×