ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Қазақстандағы ең сұлу кәсіпқой боксшы «Қайрат» пен «Реал» матчтына сенсациялық болжам жасады

28.09.2025, 00:43

«Қайрат» та Алматыда «Реалды» 5:0 есебімен ұтады

Қазақстандағы ең сұлу кәсіпқой боксшы «Қайрат» пен «Реал» матчтына сенсациялық болжам жасады
Әлеуметтік желі

Қазақстандағы ең сұлу боксшы Балауса Мұздыман 30 қыркүйекте Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойынға болжам жасады.

Әлеуметтік желіде Мұздыманның бейнежазбасы жарияланды. Онда боксшы «Қайрат» клубы «Реалды» 5:0 есебімен жеңеді деп сенімді түрде айтады.

«Қайрат» өз алаңында «Реалды» 5:0 есебімен жеңеді. Үлкен сенім мен қолдаудың арқасында «Қайрат» еш қиындықсыз жеңіске жетеді. Бұған мен кәміл сенемін, есте сақтаңыздар. Халық айтқандай: «Аргентина – Ямайка – 5:0», сол сияқты «Қайрат» та Алматыда «Реалды» 5:0 есебімен ұтады», - деді спортшы қыз Instagram парақшасында.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойын 30 қыркүйек күні 21:45-те басталады. Матчтың билеті алдын-ала толық сатылып кетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам