
«Корольдік клубтың» ойыншылары қаладағы InterContinental қонақүйіне жайғасады
Алматыға Испанияның «Реал Мадрид» клубының футболшылары келді. Әуежайдан жұлдызды футболшыларды мыңдаған жанкүйер күтіп алды.
«Корольдік клубтың» ойыншылары қаладағы InterContinental қонақүйіне жайғасады. Бұл – бес жұлдызды отель, ол Алматыдағы Орталық стадионнан небәрі 10 минуттық қашықтықта орналасқан.
Әлемнің ең атақты клубтарының бірі саналатын «Реалды» өз көздерімен көруге асық жанкүйерлер әуежайда жиналып жатыр. Полиция тәртіпті қадағалап, қауіпсіздікті күшейтті.
Еске сала кетейік, «Қайрат» – «Реал» ойыны Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.