ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Қайрат» плей-оффқа шыға ала ма? Жасанды интеллект батыл болжам жасады

29.09.2025, 10:22

«Қайрат» «Спортингке» 1:4 есебімен жол берген еді

«Қайрат» плей-оффқа шыға ала ма? Жасанды интеллект батыл болжам жасады
ФК "Қайрат"

Алматылық «Қайрат» ертең Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші кездесуін мадридтік «Реалға» қарсы өткізеді.

Алғашқы турда алматылықтар сырт алаңда португалиялық «Спортингке» 1:4 есебімен жол берген еді.

Команданың турнирдегі мүмкіндігіне қатысты ChatGPT мынадай болжам ұсынды:

«Жаңа форматтағы Чемпиондар лигасында 36 команда біртұтас турнир кестесінде бақ сынайды. Әр клуб сегіз кездесу өткізеді, ал жинаған ұпай саны плей-оффқа жолдамаға тікелей әсер етеді.

Орта есеппен алғашқы 16-ға ену үшін 10–11 ұпай қажет. Кейде 9 ұпай жеткілікті болуы мүмкін, бірақ бұл сирек жағдай. «Қайрат» өз алаңындағы қолайлы қарсыластарды жеңіп, мықты клубтардан тең ұпай алса, 7–8 ұпай жинауы ықтимал. Ал күтпеген жеңіс арқылы межелі 10 ұпайға қол жеткізуге мүмкіндік туады.

Дегенмен, клубтың алғашқы маусымдағы шынайы мақсаты – 17–24 орындардың бірін иеленіп, Еуропа лигасының плей-оффына жолдама алу. Бұл қазақстандық футбол үшін де елеулі табыс болмақ. Ал Чемпиондар лигасының 1/8 финалы әзірге қол жетпес мақсат болып тұр, оған мінсіз ойын және үздіксіз нәтиже қажет», – деп жазды Sports.kz

Еске салсақ, «Қайрат» алдағы турларда «Интер», «Арсенал», «Брюгге», «Олимпиакос», «Пафос» және «Копенгагенмен» кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам