Алайда алаңдағы нәтиже әзірге көңіл көншітпейді
Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы екі турын аяқтады. Спорттық тұрғыдан нәтиже сәтсіз болғанымен, клубтың қаржылық табысы көңіл қуантарлық.
УЕФА регламентіне сәйкес, топтық кезеңге жолдама алған әр клубқа 15,64 миллион еуро көлемінде кепілдендірілген сыйақы төленеді. Бұған қоса, әрбір жеңіс үшін 2,1 миллион еуро, ал тең нәтиже үшін 700 мың еуро бонус қарастырылған.
Осылайша, екі тур қорытындысы бойынша «Қайрат» кем дегенде 20,25 миллион еуро (яғни шамамен 13 миллиард теңге) табыс тапты. Бұл сома клубтың Чемпиондар лигасына қатысу бонусы мен матчтық төлемдерден құралады.
Алайда алаңдағы нәтиже әзірге сәтсіз болды: алғашқы турда алматылықтар сырт алаңда лиссабондық «Спортингке» 1:4 есебімен есе жіберсе, екінші турда өз алаңында мадридтік «Реалдан» 0:5 есебімен жеңілді.