ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Порту» мен «Рома» сынға түседі: Еуропа лигасының фавориттері туралы Olimpbet талдауы

23.10.2025, 13:27

Ойын күнінің басты матчтарының бірі Англияда өтеді

«Порту» мен «Рома» сынға түседі: Еуропа лигасының фавориттері туралы Olimpbet талдауы
Olimpbet Arena

Жеңіссіз қалған және бапкерін ауыстырған «Ноттингем Форест» өз алаңында «Порту» клубын қабылдайды. Ал Серия А-дағы көшбасшылық орнын жоғалтқан «Рома» үшін бұл тур — маңызды сынақ. Үшінші турда бұл командаларды не күтіп тұр?

Еуропа лигасы. «Ноттингем Форест» (Англия) – «Порту» (Португалия)
24 қазан, 00:00 (Астана уақытымен)

Ойын күнінің басты матчтарының бірі Англияда өтеді: «Ноттингем» өз алаңында «Портуға» қарсы шығады. Olimpbet сарапшылары айқын фаворит көрмейді, тіпті алаң иелеріне аздап басымдық береді.

Үш жеңіліс, нөл гол, бапкерсіз қалған команда

Англия біріншілігінде соңғы үш ойында «Форест» 0:6 есебімен ұтылып, Премьер-лигадағы төменгі аймаққа сырғыды. Осы нәтижелердің кесірінен жазда тағайындалған Ангелос Постекоглу қызметінен кетті. Оның орнына соңғы рет қаңтарда жұмыс істеген ағылшын маманы Шон Дайч келді. Жаңа бапкер тұсындағы алғашқы сын — Еуропа лигасындағы мықты «Портуға» қарсы кездесу болмақ.

«Порту» қателікті кешірмейді

Португалиялық клуб өзіне артылған сенімді толық ақтап келеді: ЛЕ-2025/26 маусымындағы алғашқы екі ойында («Зальцбург» және «Црвена Звезда» командаларына қарсы) жеңіске жетті. Olimpbet Arena-ның жазуынша, Франческо Фариоли ұжымды артық сән-салтанатсыз, бірақ ықшам, агрессивті және тәртіпті етіп жасақтаған.
«Айдаһарлар» Португалия чемпионатында жеке-дара көш бастап тұр. Дегенмен өткен демалыста «Бенфикамен» 0:0 есебімен тең ойнап, маусымдағы алғашқы ұпай жоғалтты.

«Ноттингемнің» мінезі бар

Соған қарамастан, Olimpbet сарапшылары «Ноттингемнің» өз алаңында лайықты қарсылық көрсететініне сенімді. Олар британдықтардың гол соғатынына күмәнданбайды, ал бұрыш добын орындау саны бойынша (кемі 9 рет күтіледі) «орманшылар» фаворит саналады.

«Рома» (Италия) – «Виктория Пльзень» (Чехия)
24 қазан, 00:00

ЛЕ-2025/26 турнирінің тағы бір басты үміткері — италиялық «Рома» — өз алаңында Чехияның «Виктория Пльзень» командасын қабылдайды. Olimpbet сарапшылары бірауыздан «қасқырларды» айқын фаворит деп санайды: алаң иелерінің жеңіс мүмкіндігі қонақтардан алты есе жоғары.

«Романың» үйдегі қуаты

Бұл командалардың бұған дейінгі кездесулері римдіктердің өз алаңындағы басымдығын көрсетеді. «Стадио Олимпикода» олар екі рет жолығып, екі жағдайда да чехтар ірі есеппен ұтылған: 2016/17 маусымындағы Еуропа лигасында – 1:4, ал екі жылдан кейін Чемпиондар лигасында – 0:5.

Турнирлік жағдай

Қызығы, жалпы турнир кестесінде «Виктория» әзірге «Ромадан» жоғары тұр: төрт ұпай, ал римдіктерде — үш. Чехтар сырт алаңда «Ференцварошпен» (1:1) тең түсіп, үйде «Мальмені» (3:0) ойсырата жеңді. Ал «Рома» сырт алаңда «Ниццаны» (2:1) ұтқанымен, өз үйінде «Лилльден» (0:1) жеңіліп қалды.

Джан Пьеро Гасперинидің командасы соңғы Серия А матчын да «Интерден» (0:1) ұтылып, көшбасшылық орнын жоғалтты. Ал Мирослав Коубек баптайтын «Виктория» Чехия чемпионатында да қиын жағдайда: соңғы төрт турда бір ғана жеңіс және бесінші орын.

Букмекерлер не күтеді?

Olimpbet сарапшыларының болжамынша, «Рома» мен «Виктория Пльзень» ойыны нәтижелі өтпек. Үй иелері кем дегенде екі рет қақпаны дәл көздейді деп күтіледі.
Гол соғуы ықтимал ойыншылар қатарында — «қасқырлар» шабуылшылары Артем Довбик пен Эван Фергюсон.

Дереккөз: Olimpbet Arena

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам