
«Реал» – «Ювентус» және «Айнтрахт» – «Ливерпуль» матчтарына арналған Olimpbet аналитикасы
Чемпиондар лигасы. Негізгі кезең. Үшінші тур.
«Реал Мадрид» (Испания) – «Ювентус» (Италия)
23 қазан, 00:00 (Астана уақытымен)
Барлық дәуірге жарайтын афиша: «Реал» мен «Ювентус».
Olimpbet сарапшыларының пікірінше, «корольдік клуб» бұл кездесуде айқын фаворит. Олар мадридтіктердің екі доп айырмасымен жеңу ықтималдығын туриндіктердің «жеңілмеуінен» жоғары бағалап отыр.
«Галактикос» ЧЛ-2025/26 маусымын сенімді бастады — «Марсель» мен «Қайратқа» қарсы екі ойында да алты ұпай жинады. Ал «бьянконери» өз кезегінде дортмундтық «Боруссиямен» және «Вильярреалмен» тең түсті.
Сондықтан туриндіктер «сливочныйлардан» төрт ұпайға қалып келеді. Тіпті «Ювентус» жеңіске жеткен күннің өзінде де «Реалды» қуып жете алмайды.
Психологиялық фон да екі түрлі: Хаби Алонсоның командасы өткен демалыста «Хетафені» 1:0 есебімен ұтып, Примерадағы жеке көшбасшылығын сақтап қалды.
Ал Игор Тудордың ұжымы маусымдағы алғашқы жеңілісін күтпеген жерден, Серия А дебютанты «Комоға» (0:2) қарсы матчта тапты. Жалпы алғанда, туриндіктердің маусымы сәтсіз өтіп жатыр — қазір олар Италия чемпионатында жетінші орында.
Испандық грандтың пайдасына тағы бір дерек — өзара кездесулер статистикасы: «Реал» тарихта 13 рет жеңіске жеткен, ал «Ювентус» — 10 рет. Бар болғаны екі матч тең аяқталған.
Дегенмен қызық факт: соңғы төрт матчтың екеуінде «Бернабеуде» дәл осы «ескі синьора» жеңіске жеткен, ал «Реал» тек бір рет басым түскен.
Соған қарамастан, Olimpbet сарапшылары мадридтіктерге үлкен басымдық береді — тек есеп жағынан емес, стандарттар бойынша да. «Сантьяго Бернабеуде» оннан кем емес бұрыш соққысы күтіледі.
«Айнтрахт» (Германия) – «Ливерпуль» (Англия)
23 қазан, 00:00 (Астана уақытымен)
Франкфуртта нағыз қызық айқас күтіп тұр. «Айнтрахт» өз алаңында «Ливерпульді» қабылдайды. Алайда Olimpbet Arena жазғандай, мерсисайдтықтар бесінші жеңіліске бір қадам қалды.
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі турнир кестесінде «Ливерпуль» тіпті алдағы қарсыласынан да төмен орналасқан. Екі командада да ұпай бірдей болғанымен, ағылшындар гол айырмасымен емес, соғылған доп саны бойынша артта (3:3 қарсы 6:6).
Оған қоса, матч Германияда өтеді — мұнда ағылшын клубтары дәстүрлі түрде қиын ойнайды. «Ливерпуль» Франкфуртта өткен жалғыз өзара кездесуде «Айнтрахтты» да жеңе алмаған, тіпті гол да соқпаған. Ол матч 1972 жылдың қыркүйегінде 0:0 есебімен аяқталған.
Дегенмен немістің «бүркіттері» де дағдарыстан өтуде: өткен турда олар «Атлетикодан» 1:5 есебімен ойсырай ұтылды, ал Бундеслигада соңғы бес матчтың тек біреуінде ғана жеңіске жетті. Қазір Германия біріншілігінде де жетінші орында.
Әрине, «Ливерпуль» ерте ме, кеш пе, жеңіс жолына қайта оралады. Тек бұл Арне Слот командасында дәл қашан болатыны белгісіз.
Olimpbet сарапшылары «қызылдардың» қақпаны кемінде екі рет дәл көздейтініне сенімді. Ең ықтимал гол авторы ретінде мысырлық шабуылшы Мұхаммед Салах аталып отыр.