Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

«Соңына дейін қырылыңдар»: Есен Елеукен Париждегі боксшыларды жөнсіз сынамауды сұрады

01.08.2024, 16:18

Қазіргі таңда жеті боксшының үшеуі жеңіліп, төртеуі жарысты жалғастырып жатыр

Қоғам қайраткері, «Jaidarman» қозғалысының негізін қалаушысы Есен Елеукен «Бірінші бол» YouTube-каналында қонақта болып, Париж Олимпиадасындағы боксшылардың өнеріне өз бағасын берді.

Айта кету керек, бүгінге дейін бокстан ерлер құрамасынан Қамшыбек Қоңқабаев (+92), Асланбек Шымбергенов (71 кг) және Махмұд Сабырхан (57 кг), қыздар құрамасынан Валентина Хальзова (75 кг) жарысты бірінші айналымнан аяқтаған. Осыған байланысты әлеуметтік желіде жанкүйерлер тарапынан көптеген сын айтылуда.

Есен Елеукеннің пікірінше, әлеуметтік желіде сынаймын деп спортшылардың жеке басына өту жайттары жиілеген. «Олимпиада аяқталғанға дейін сабыр сақтауға шақырамын» деді ол жанкүйерлерге.

Сондай-ақ, подкаст барысында Бокс федерациясының жауапкершілігі, бапкерлердің жұмысына да баға берілді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам