Кеңес Рақышев берген $3500 жалақыдан қолыма тек 100 доллары ғана тиіп отырды – Ақжүрек Таңатаров

Telegram WhatsApp

Ол спортшы кезінде өзіне қысым мен кедергілердің көп болғанын жасырмады

коллаж: 1bol.kz
коллаж: 1bol.kz

Еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы Ақжүрек Таңатаров саладағы коррупция туралы айтты. Белгілі спортшыны бүгінде күрес түрлері федерациясына қызметке, тіпті қарапайым бапкер болуға да «жолатпайды» екен. Бұл туралы Таңатаров «Бірінші бол» YouTube-каналында болған подкастта мәлімдеді.

Экс-балуанның сөзінше, ол жастайынан спорт шенеуніктерінің «қара тізіміне» енген екен. Өйткені, спортшылардың шығынына мемлекеттен бөлінетін қаражаттың есебін сұрап, ақшаның біреудің қалтасында кетпеуін қадағалайды екен. Соған қарамастан, ол өзіне тағайындалған жалақының көп бөлігін сол күйі ала алмай кеткенін айтады.

– Бұрын спортшыларға күнделікті тамағына деп ақша бөлінетін. Соны үлкендер балаларға бәрін бермей, біразын өздеріне алып қалатын. Мен сондайға жол бермейтінмін, «бәрін түгел әкел» деп ақшаны санап алатынмын. Тіпті, бөлмеде жанымда жататын балалардың да тамаққа деген ақшасын алдыртып беретінмін. Содан мені бәрі жек көрді, жарыстарға апармай жолымды кесті. Тіпті, 2008 жылы Олимпиадаға апармай жолымды кесті. 2012 жылы әйтеуір суырылып шығып бардым.

– Сол кезде сізге Кеңес Рақышевтің көмегі тиді иә, шатаспасам?

– Иә, Кеңес Рақышев маған жеке жалақы тағайындады. Бірақ, соның өзі маған толық жетпей, жарты жолдан қолды болып отырыпты. Кейін оны өзі де естіпті.

– Қанша жалақы еді?

– 3 500 доллар тағайындапты. Бірақ, мен соның тек 100 долларын ғана алып отырдым ай сайын.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 61 418 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 181 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 181 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 897 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 290 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 155 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 148 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 641 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 413 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 554 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 599 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›